Руслан Жапаров Римде күміспен күптелді

Маруан Түсіп Маруан Түсіп
2232

Таэквондодан Италияда өтіп жатқан Гран-При турнирінде қазақ спортшысы екінші орынға ие болды.

Руслан Жапаров Римде күміспен күптелді

Римде өтіп жатқан Гран-при турниріне біздің елден санаулы спортшы ғана қатысып жатыр. Олар – Руслан Жапаров (+ 87 келі), Смайыл Дүйсебай (87 келі) және Нұрлан Мырзабаев (80 келі). Соңғысы даянгке бүгін шықты. Нәтижелері әлі қорытындыланған (жарияланған) жоқ. Ал Смайыл 15-орынмен шектелсе, Руслан финалға шықты.

Жапаров әуелі Канада спортшысын айқын басымдықпен ұтты (27:10). Одан кейін Корея таэквондошысамен өткен шектен тыс шиеленісті жекпе-жекте (0:0) бағы жанып, келесі кезеңге өтті. Ширек финалда ресейлік Роман Кузнецовтан айласын асырды (10:9). Жартылай финалда британиялық Махама Чоны қиналмай ұтты (25:9).

Финалда Ресейдің тағы бір спортшысымен кездескен. Әрі жекпе-жектің аяқталуына 40 секунд қалғанда, Владислав Ларинді 7:1 есебімен ұтып та жатқан. Алайда қалған уақытта жеңісті уысынан шығарып алды (7:9). Сөйтіп, күміс жүлдемен шектелді. Лариннің 2019 жылғы әлем чемпионы және Еуропаның екі дүркін чемпионы екендігін айта кеткеніміз жөн болар.

Маруан Түсіп

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу