Руслан Желдібай медиафорумға келген халықаралық БАҚ өкілдерімен кездесті

343

Бұл туралы желідегі парақшасында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Руслан Желдібай медиафорумға келген халықаралық БАҚ өкілдерімен кездесті Фото: Ruslan Zheldibay

ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Екінші Орталық Азия медиафорумына қатысуға келген шетелдік медиа өкілдерімен кездесті. 

– Ертең Астанада Екінші Орталық Азия медиафорумы басталады. Бүгін осы форум аясында Қытайдың CGTN медиакорпорациясы мен әлемдік ақпарат таратуда алдыңғы қатарда тұрған Al Jazeera халықаралық телекомпаниясының басшыларымен кездестім, – деп жазды Руслан Желдібай.

Оның айтуынша, CGTN бас редакторының орынбасары Дин Юнмен болған кездесуде медиа саласындағы ынтымақтастықты дамыту жайы талқыланған.

Әсіресе, Қытай мен Қазақстан арасындағы достық пен стратегиялық әріптестікті кеңінен насихаттау мәселесіне ерекше назар аударылды.

– Біз бірлескен тележоба іске қосуды ұсындық. Мұндай бастама қос халықтың мәдени байланысын тереңдетуге үлес қосар еді, – деді Президенттің баспасөз хатшысы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу