Рыбакина Брисбендегі WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты

421

Жарыстың 3-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші үшінші айналымда рейтингіде 25-орында тұрған испаниялық Паула Бадосамен бетпе-бет келді. 

Рыбакина Брисбендегі WTA 500 турнирінің ширек финалына шықты Фото: ҚТФ

Қазақстанның бірінші, әлемнің 5-ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінің ширек финалына өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қарсыластар осыған дейін өзара сегіз рет кездесіп, төрт-төрттен жеңіске жеткен еді. Соңғы үш ойында Рыбакина ұтқан болатын.

Бұл жолы бірінші партияда 2:0 есебімен Бадоса алға шыққанымен, Рыбакина таразы басын теңестіріп қана қоймай, брейкпен тәмамдай алды – 6:3.
Екінші сетті қазақстандық теннисші қарқынды бастады – 3:0. Бадосаның қателігін мүлт жібермеген Елена матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:2.

Бір сағат 23 минутқа созылған бәсекеде Рыбакина 3 эйспен бірге 8 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Бадоса 6 эйс, 1 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.

Елена Рыбакина жартылай финалға шығу үшін әлемнің 10-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрова немесе рейтингіде 20-сатыдағы чехиялық Каролина Мухованың қай жеңгенімен таласады. 

Бұдан екі жыл бұрын Е.Рыбакинаның осы додада чемпион атанғаны белгілі. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу