Рыбакина China Open турнирінде Азиада чемпионын жеңді

954

Бүгін Астана уақытымен 16:00-де Рыбакина екінші айналым аясында Татьяна Мариямен кездеседі. 

Рыбакина China Open турнирінде Азиада чемпионын жеңді Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 China Open турнирін сәтті бастады. Рыбакина бірінші айналымдағы кездесуде корт қожайыны, WTA рейтингінде 23-орында тұрған Чжэн Цинвэнді 6:1, 6:2 есебімен жеңді.

"Алғашқы матчтарды ойнау әрқашан қиын. Бұған дейінгі соңғы кездесуімді АҚШ ашық чемпионатында өткіздім. Сондықтан біраз қобалжыдым. Өйткені соңғы бірнеше аптада көп ойнамадым. Жаттығуда өзімді жақсы сезіндім. Ұпай жинауға көңіл бөлуге тырыстым. Матчты жақсы бастадым, сондықтан бұл ойын бойы маған үлкен сенімділік берді", - деді Рыбакина WTA баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Елена China Open турнирінің екінші айналымында әлемнің 53-ші ракеткасы германиялық Татьяна Мариямен ойнайды. Кездесу бүгін 3 қазанда өтеді. Тікелей эфир Астана уақытымен 16:00-де басталады.

Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Бейжіңде (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 China Open турнирінің үшінші айналымына өте алмады. Екінші айналымдағы кездесуде WTA рейтингінде 75-орында тұрған Путинцева әлемнің 10-шы рейтингіндегі француз Каролин Гарсиямен кездесті. Бірінші ойын 6:3 есебімен француз теннисшісіне бұйырса, екінші ойында дәл осындай есеппен (6:3) Путинцева есе қайтарды. Шешуші ойында Гарсия мықтырақ болып шықты – 6:3. Осы жеңісінің арқасында Каролин жеке кездесулер есеп айырмасын 2-3-ке дейін қысқартты. Теннисшілер кортта екі сағат 16 минут уақыт өткізді. Гарсия China Open турнирінің ширек финалына шығу үшін украиналық Ангелина Калининамен сынға түседі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу