Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің үшінші кезеңіне шықты

1234

Екінші айналымда Қазақстанның бірінші ракеткасы Бельгия өкілі Элиза Мертенсті 6: 3, 6: 2 есебімен жеңді.

Рыбакина Цинциннатидегі турнирдің үшінші кезеңіне шықты

Кездесу 1 сағат 14 минутқа созылды. Рыбакина бес рет допты ойынға қосу барысында қателесіп, алты брейк-пойнттың үшеуін сәтті орындады. Ал бельгиялық алты қателікке жол беріп, төрт рет эйс жасады және бір де бір брейк-пойнтты пайдалана алмады. Қарсыластардың жеке кездесулерінің есебі қазақстандық теннисшінің пайдасына 2:1 болды. Енді Елена 1/8 финалда Паула Бадоса (Испания) мен Арина Соболенконың (Беларусь) арасындағы жеңімпаз Пауломен кездесетін болды.

Сонымен қатар жұптық сында сайысқа түскен Елена ресейлік Вероника Кудерметовамен бірге Цинциннатиде (АҚШ) WTA 1000 Western & Southern Open турнирінің екінші кезеңіне өтті. Бірінші кезеңде Елена мен Вероника Онс Жабер (Тунис) мен Сания Мирза (Үндістан) жұбына қарсы өнер көрсетті. Матч 7: 5, 6: 2 есебімен қазақстандық-ресейлік дуэттің жеңісімен аяқталды. Келесі айналымда Рыбакина мен Кудерметова Николь Меличар-Деми Схюрс жұбымыен кездеседі.
Ал Юлия Путинцева Цинциннатидегі (АҚШ) турнирде екінші кездесуінде жеңіліп қалды. Юлияның бұл кезеңдегі қарсыласы әлемдік рейтингте алтыншы орында тұрған чехиялық Каролина Плишкова болды. Кездесу екі сетте Плишкованың жеңісімен аяқталды - 6: 3, 6: 2. Келесі айналымда Каролина америкалық Джессика Пегуламен сынға түседі. Естеріңізге сала кетейік, турнирдегі алғашқы кездесуінде Путинцева қытайлық Чжан Шуайды 6: 2, 6: 0 есебімен тізе бүктірген болатын.

Огайо штатында өтіп жатқан Western&Southern Open турнирінің екінші айналымында әлемнің 38-ші ракеткасы, тағы бір қазақстандық теннисші Александр Бублик әлемдік рейтингте 21-орында тұрған болгариялық Григор Димитровтан 3: 6, 5: 7 есебімен ұтылды. 1 сағат 23 минутқа созылған кездесуде Александр тоғыз эйс және бір брейк жасап, допты ойынға қосу кезінде тоғыз рет қате жіберді. Григор сегіз рет допты ойынға қосу кезінде тоғыз рет қателесіп, үш брейк-пойнт жасады. Содан соң тағы бес қос қателік жіберді. Қарсыластардың жеке кездесулерінің есебі қазақстандықтың пайдасына 2:1 болды.
Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу