Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина АҚШ өкілі Питон Стирнсті 6:2, 6:4 есебімен жеңді. Матч 1 сағат 14 минутқа созылды.
Ширек финалға шығу үшін Елена словакиялық теннисші Ребекка Шрамковаға қарсы кортқа шығады. Шрамкова екінші айналымда ресейлік Мирра Андреевамен кездесіп, 3:6, 6:3, 7:5 есебімен жеңіске жетті.
Ал, Александр Бублик Марсельде өтіп жатқан ATP 250 санатындағы турнирдің бірінші айналымдағы матчында француз теннисінің аңызына айналған Ришар Гаскемен сынға түсті.
Бірінші сет барысында Бублик 0:3 есебімен жеңіліп жатты. Сол уақытта Александр Бублик ашуға булығып, ракеткасымен жерді тоқпақтап, ракетканың күл-талқанын шығарды. Дегенмен ол қайта ес жиып, ойынға қайта оралды. Тамаша камбэк жасап, 6:4, 6:4 есебімен жеңді.
Ойыннан кейін ол осы маусымда мансабын аяқтайтын Гаскеге құрмет көрсетті.
Екінші айналымда Александр халықтың сүйіктісі әрі турнирдің ағымдағы чемпионы Уго Умбермен кездеседі.