Рыбакина Каролина Плишкованы жарыс жолынан шығарды

845

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионатындағы табысынан кейінгі алғашқы турнирін жеңіспен бастады.

Рыбакина Каролина Плишкованы жарыс жолынан шығарды

Елена Абу-Дабиде (БАӘ) WTA 500 Mubadala Abu Dhabi Open турнирінде өнер көрсетті. Аустралия ашық біріншілігінің финалдық матчынан кейін әлемнің оныншы ракеткасы атанған қазақстандық теннисші бұрынғы әлемнің бірінші ракеткасы чехиялық Каролина Плишковамен кездесті. 1/8 финал аясында өткен кездесуде Рыбакина 6:4, 6:2 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Рыбакинаның ширек финалдағы келесі қарсыласы бразилиялық Беатрис Хаддад-Майа мен қазақстандық Юлия Путинцева арасында өтіп жатқан кездесудің жеңімпазы болмақ. Жалпы турнирдің жүлде қоры 780,6 мың доллар, яғни 362,3 миллион теңгені құрайды. Жекелей сында жеңіске жеткен теннисші 120 150 доллар немесе 55,7 миллион теңге және 500 рейтингтік ұпай жинай алады.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылғы бірінші "Үлкен дулыға" турнирі Аустралия ашық чемпионатында Рыбакина мансабында алғаш рет финалға шыққан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу