16-ақпан күні өткен St. Petersburg Ladies Trophy турнирінің финалында отандасымыз осы турнирдің былтырғы жеңімпазы нидерландиялық Кики Бертенске қарсы ойнап, жеңіліп қалған еді. Сонымен, Кики Бертенс екі жыл қатарынан осы турнирдің жеңімпазы атанды. 1 сағаттан аса уақытқа созылған финалдық ойын 6:1, 6:3 есебімен аяқталды. Рыбакина үшін бұл биылғы жылғы үшінші финал болатын.
Дегенмен, бұл нәтижеге қарамастан 2141 ұпаймен Елена өткен аймен салыстытырғанда 6 сатыға көтерілген. Бұған дейін біздің бірде-бір теннисшіміз Әлемнің үздік 20 теннисшісінің қатарында болмаған. WTA рейтигіндегі ең үздік көрсеткішіміз Ярослава Шведоваға тиесілі еді. Ол 2012 жылы 25-орынға дейін көтерілген.
Ермұхамед Мәулен