Рыбакина қола жүлде үшін таласады

1302

Боксшылар енді ес жиғандай. Ал қалған спортшыларымыз жеңіліп жатыр.

Рыбакина қола жүлде үшін таласады

Елена Рыбакина ширек финалда жеңіліп қалды. Швейцариялық Белинда Бенчичтен жеңіліп қаған отандасымыз енді қола медаль үшін таласады. Алғашқы сетте тай-брэйк орын алып, тартыс қызу жүрді. Бірақ, бұл жерде Белинда Бенчичтің бағы жанды. Ал екінші сетті Рыбакина басымдылық көрсетіп, жеңімпаз атанды. Үшінші шешуші сетте өз геймінде ұпайдан асырылған Елена жеңісті қолдан берді.

Қоңқабаев Олимпиаданың ширек финалында. Құрама капитаны 1/8 финалда мысырлық Есри Мостафа Резкті төрешілердің бірауыз шешімімен ұтты. 1/2 финалдың жолдамасы сарапқа салынатын жекпе-жекте Қамшыбек Ресей боксшысы Иван Верясовпен кездеседі. Әбілхан Аманқұл алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әбілхан Аманқұл өзбек боксшысы Фанат Кахромоновтан басым түсті. Алғашқы раундта өзбек боксшысы басым болғанмен, Әбілхан соңғы екі раундты толық өз бақылауына алып, Фанатты жарыс жолынан шығарды. Тіпті, екінші раундта біздің былғары қолғап шеберіміз қарсыласын нокдаунға түсірді. Енді 1 тамыз күні өтетін ширек финалда Аманқұл Бразилия боксшысы Эберт Консейсанмен кездеседі. Айтпақшы бүгін Әбілханның туған күні. Боксшы 24 жасқа қадам басты.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу