Е.Рыбакина ширек финалда әлемнің 50-ракеткасы Юлия Путинцевамен жолықты.
Осыған дейін өзара екі кездесуде Ю.Путинцева басым түскен еді.
Бұл жолы бірінші партияда есеп 2:2 болған сәтте Юлия брейк жасап, сол қарқынынан танған жоқ – 6:4.
Екінші сетте есеп 1:1 болғанда, Путинцева тағы да брейкке қол жеткізді. Бірақ Рыбакина сол бойда таразы басын теңестірді – 2:2. Сосын тай-брейкте есесін жібермеді – 7:6 (7:4).
Үшінші, шешуші партияда Юлия 5:2 есебімен алға кетті. Содан кейін Елена доп бергенде, екі матчболын пайдалана алмады. Есесіне Рыбакина қатарынан бес геймді өз есебіне жазды – 7:5.
Екі сағат 48 минутқа созылған тартысты матчта Рыбакина 6 эйс жасап, 12 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Путинцева эйс жасай алған жоқ. Ол да 3 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті.
Елена Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, осы жарыстың өткен жылғы чемпионы, Беларусь өкілі Арина Соболенко немесе Ресейдің жас жұлдызы, рейтингіде 43-орындағы, 17 жастағы Мирра Андрееваның қай жеңгенімен таласады.