Таяуда ғана Париждегі Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсете алмаған Елена Рыбакина ауруынан айығып, енді АҚШ-тағы турнирге қатыспақ, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
“Рыбакина АҚШ-тағы турнирге қатысады…
Қазақстандық Елена Рыбакина Цинцинатти WTA 1000 турниріне дайындығын бастап кетті. Қазір оның кордттағы видеолары кеңінен тарап жатыр. Жарыстың өзі 13-ші тамызда өтеді. Яғни, олимпиада біткеннен кейін бірден аталмыш бәсеке басталады”, - деп жазды спорт журналисі Аслан Қаженов әлеуметтік желідегі парақшасында.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу