Рыбакина ширек финалға шықты

2162

Қазақстандық теннисші осы додада сенсация жасауы әбден ықтимал.

Рыбакина ширек финалға шықты

Елена Рыбакина өзінің спорттық ғұмырында әлі әзірге мұндай жетістікке жеткен жоқ еді. Ол "Үлкен дулыға" жарыстарының төртінші айналымынан ары аса алмай жүрген. Енді міне, осы межені бағындырып, ширек финалға жолдама алып отыр. Әлемдік рейтингте 23 орында тұрған отандасымыз Петра Мартичпен кездесті. Хорватия теннисшісі рейтингте қазір 80-орында келе жатыр. Осыған дейін қос теннисші бір мәрте ғана кездескен еді. 2020 жылы ақпан айында Дубайдағы жарыстың жартылай финалында кездесіп, сол тартысты кездесуде Елена жеңіске жетіп еді. Екі сет те тай-брейкпен аяқталған. Естеріңізде болса, "InBusiness.kz" тілшісі Ермұхамед Мәулен сол ойында болып, арнайы репортаж жазған.

Лондон төріндегі жарыста Петра Мартич сенімді ойнап, теке тіресті жақсы бастады. Хорватиялық қарсылас өз геймдерінде ұпайдан шашау шығармай, сауатты ойнап келді. Алайда, есеп 5:5 болған соң Рыбакина брейк жасап, сосын өз соққысын сәтті өткізіп, есепті 7:5 қылды. Бірінші сетті жеңген соң Лена сасқалақтамай, сабырлы ойнай бастады. Екінші кезең басталған тұстан геймдерді өз еншісіне жаза берді. 5:2 нәтижесін тіркеп, 3 геймдік басымдылыққа ие болды. Осы басымдығын ол соңына дейін ұстады. Сонымен матч, 7:5, 6:3 нәтижесімен аяқталды. Матч 1 сағат, 20 минутқа созылды.

Енді ширек финалда қазақстандық теннисшіге франциялық Ализе Корне мен аустралиялық Айла Томлянович қарсылас атануы ықтимал. Осы екі теннисшінің арасындағы кездесудің жеңімпазын кұтетін боламыз. Ализе Корне осы жарысты қазақстандық Юлия Путинцеваны жеңгенін айта отырайық. Одан кейін ол әлемдегі бірінші ракетка Ига Швентекті де жарыстан шығарып жіберді. Шамасы Рыбакинаның қарсыласы осы қыз болатын сыңайлы. Десе де, мамандар француз спортшысының жарақаты бар екенін тілге тиек етіп отыр.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу