Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бейсенбіде Юлия Путинцевадан кейін Абу-Даби WTA Tennis Open турнирінің екінші айналымына өтті.
Рыбакина мен Путинцева Абу-Дабиде WTA 500 сериялы турнирінде италиялық теннисшілерге қарсылас атанды: Әлемнің 28-ші ракеткасы Путинцева сәрсенбі күні Италияның екінші ракеткасы Мартин Тревизанды 6: 3, 6: 3 есебімен ұтты. Сонымен қатар оның келесі қарсыласы да белгілі болды. Ол әлемдік рейтингте 65-ші орында тұрған Чехия өкілі Барбара Крейчиковамен кездеседі.
Ал Рыбакина осыған дейін Стефанинимен бір рет кездесу өткізген болатын. Турнирге алтыншы нөмірмен шыққан Рыбакина, Абу-Дабидегі жарыстың алғашқы айналымында кездесу бастала салысымен бірден бес гейм жасады. Ал, Стефанини оған қарсы тұра алмады. Қарсыласы бір гейм алғанымен, Елена сетті қиналмай аяқтады – 6:1.
Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте Елена Рыбакина брейк жасай алды. Дегенмен қарсыласы қарап қалмай, таразы басын теңестірді – 3:3. Бұдан кейін Елена брейкпен есепті 5:3-ке жеткізді. Содан соң матчты тағы бір брейкпен түйіндеді – 6:3. Бәсеке тура бір сағатқа созылды. Матч қорытындысы 2:0.
Енді Рыбакина екінші айналымда Әлемнің 123-ракеткасы қытайлық Сю Ванмен кездеседі. Ал қытайлық теннисші қыз бейсенбі күні Нидерланды өкілі Аранчи Рустан басым түскен еді. Екі теннисші бұрын бір рет кездескен. 2017-жылы жасөспірімдер арасында өткен US Open турнирінде жерлесіміз Сю Ван Ванды 7:5, 6:1 есебімен ұтқан болатын.
Ермұхамед Мәулен