Рыбакина сүрінді

1413

Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан WTA 500 Abu Dhabi WTA Women's Tennis Open турнирінде бақ сынаған қазақстандық теннисшілердің ешқайсысы финалға шыға алмады.

Рыбакина сүрінді

Елена Рыбакина Абу-Дабиде (БАӘ) өтіп жатқан WTA 500 Abu Dhabi WTA Women's Tennis Open турнирінің жартылай финалына шыға алмады. Отандасымыз ширек финалда әлемнің 10-ракеткасы, Беларусь спортшысы Арина Соболенкомен кездесті. 2 сағат 1 минутқа созылған тартысты кездесу 6:4, 4:6, 6:3 есебімен аяқталды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Абу-Дабидегі турнирде тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева да өнер көрсеткен болатын. Алайда ол ширек финалға өте алмады. 1/8 финалда Путинцева әлемнің төртінші ракеткасы Софья Кениннен 6:3, 6:7, 4:6 есебімен жеңіліп қалды. Кездесу 2 сағат 43 минутқа созылды.

Сондай-ақ Қазақстанның бірінші, әлемнің 49-ракеткасы Александр Бублик Анталия ATP 250 турнирінің жартылай финалына шықты. Бұл туралы ҚТФ баспасөз қызметі хабарлады.
Бублик ширек финалда әлемнің оныншы, осы доданың 1-ракеткасы, италиялық Маттео Берреттинимен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші бірінші партияда қарсыласынан тай-брейкте басым түсті – 7:6 (8:6). Екінші сетті де жеңіспен аяқтай білді – 6:4. Бәсеке 1 сағат 31 минутқа созылды. Александр матч барысында екі мәрте брейк жасаса, қарсыласы біреумен шектелді. Сондай-ақ Александр 11 рет эйс жасады. Александр Бублик финалға шығу үшін әлемнің 72-ракеткасы, франциялық Жереми Шардимен таласады.

Айта кетуіміз керек, Бублик дәл осы жарыста жұптық сында да өнер көрсетті. Алайда  Андрей Голубевпен бірге Анталиядағы ширек финалдағы жұптық кездесуде жеңіліп қалды. Қазақстандық спортшыларды француз Джереми Шарди/Фабрис Мартин жұбы 1:6, 1:6 есебімен жеңді. Матч 43 минутқа созылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу