Рыбакина тарихи сәттің алдында

1746

Қазақстан Олимпиада ойындарының тарихында теннистен ешқашан медаль жеңіп көрмеген. 29 шілде күні тағы кімге жанкүйер боламыз?

Рыбакина тарихи сәттің алдында

Сәрсенбі күні сайысқа түскен спортшыларымыз үсті-үстіне жеңіліп, қазақ жанкүйерлерінің көңілін жабырқатты. Боксшыларымыз қаз-қатар жеңіліп, үміттерді сөндіре берді. Ендігі құрамамыздың капитаны Қамшыбек Қоңқабаевқа сенім артамыз. Мамандар мен Токиода жүрген тілшілерден сұрап білсек, Қамшыбектің бабы жаман емес дейді. Негізгі бәсекелесі Боходир Жалоловпен кездескенге дейін қарсыластарын жеңіп шығуы мүмкін деген баға естідік. Әлбетте, бұл болжамның дөп шыққанын қалаймыз. Қамшыбек Баходирмен осы жақында ғана Азия чемпионатының финалында кездесіп, жеңіліп қалған еді. Бұл жолы сол кеткен есені қайтаратын кез келгендей. Бірақ, ол үшін Қызылордалық боксшы бүгін Мысыр елінен келген Есри Мұстафа Резкті жеңуі тиіс.

Ал 75 келі салмақ дәрежесінде шаршы алаңға Әбілхан Аманқұл шығады. Оның бұл жолғы қарсыласы өзбек боксшысы – Фанат Қахрамонов. Өткен жылы көктемде бұл екі боксшы Амманда кездесіп қалып, жеңіс қазақ спортшысына бұйырды. Демек, жеңіп жүрген қарсыласынан бұл жолы да айласын асырып, мықты екенін тағы дәлелдеуі тиіс.

Садақ ату мен академиялық ескек есу спорттарында біздің спортшылар жай ғана қатысушылар деңгейінде. Бұл спорттан Қазақстан атынан келген спортшылар ешқашан фаворит болған емес және шамасы жақын арада болмайтын да секілді. Деңгей өте төмен. Жалпы алғанда елімізде мұндай спорттарға тіпті көңіл бөлінбейді де. Сондықтан да, сөз соңында Елена Рыбакина жайлы айтайық. Әлемнің 9 ракеткасы испан қызы Гарбине Мугурусаны жеңіп тастаған қазақстандық теннисші жартылай финалда Белинда Бенчичпен кездеседі. Швейцариялық теннисші Әлемдік рейтингте қазір 12 тұр. Қыздар арасындағы сайыста ешкімнің тақиясына тар келмейтін қарсылас. 2019 жылы ол АҚШ ашық біріншілігінің жартылай финалына шыққанын айтсақ та жеткілікті шығар. Десе де, өзінен жоғары тұрған теннисшілерді жеңіп үйреніп қалған Еленаға жанкүйерміз. Жартылай финалды жеңсе болды, кем дегенде күміс медаль қоржынымызға түскелі тұр. Егер жеңіп өтсе, онда украиналық Елена Свитолина немесе чехиялық Маркета Вондарусовамен кездеседі.

29 шілде күнгі кесте:

Су добы:

08:30 - Қазақстан - Испания

Академиялық ескек есу, ерлер, жартылай финал:

08:40 - Владислав Яковлев

Теннис, қыздар, жартылай финал:

12:00 - Елена Рыбакина - Белинда Бенчич (Швейцария)

Бокс, 75 және 91-ден жоғары салмақ 1/8 финал:

14:15 - Әбілхан Аманқұл (75 кило) - Фанат Кахрамонов (Өзбекстан)

15:51 - Қамшыбек Қоңқабаев (91+) - Есри Мостафа Резк (Мысыр)

Садақ ату, ерлер, жекелей сын

14:18 - Ильфат Абдуллин

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу