Рыбакина Торонтадағы турнирді жеңіспен бастады

1350

Рыбакина әлемдік рейтингте төрт саты төмендеді.

Рыбакина Торонтадағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Торонтодағы (Канада) WTA турнирін жеңіспен бастады. Алғашқы кездесуінде Рыбакина чехиялық Мария Бузкованы 7:5, 6:7, 6:1 есебімен ұтты. 1/32 финалдық кездесу шамамен үш сағатқа созылды. Қазақстандық теннисші шығу үшін алты рет допты ойынға қсоу барысында қателесті. Енді Рыбакинаның келесі бәсекелесі екі америкалық теннисші арасындағы кездесуде анықталады. Мэдисон Бренгл Кори Гауффпен ойнайды. Бұл матч 9 тамызға жоспарланған және Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

Айта кетейік, турнир жеңімпазы 439 700 доллар мен 900 рейтингтік ұпайға ие болады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 2 697 250 долларды құрайды.

Бұған дейін Сан-Хоседе (өткен турнирді АҚШ) бірінші айналымында Елена ресейлік Дарья Касаткинадан ұтылған болатын.

Сонымен қатар Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық сайыстар өкілдерінің рейтингін жаңартты. Польшалық Ига Свёнтек әлемнің бірінші ракеткасы болып қала бермек. Эстониялық Анетт Контавейт екінші орында, испаниялық спортшы Паула Бадоса үшінші орынға көтерілді.

Рыбакина WTA жаңартылған рейтингінде төрт саты төмен түсіп, қазір 27-орынға жайғасты. Ол өткен аптада Сан-Хоседегі (АҚШ) турнирде сәтсіз өнер көрсетті. Онда жекелей және жұптық сайыста бірінші айналымда жеңіліп қалды.

Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева да төрт позицияға төмендеп, 46-шы орынға жайғасты. Жұптық рейтингте Элиз Мертенс (Бельгия), Жан Шуай (Қытай) және Катерина Синякова (Чехия) бұрынғысынша үздік үштікті түйіндеп тұр. Қазақстандық теннисшілердің арасында жұптық сайыстар бойынша ең мықтысы Анна Данилина екі саты төмендеп, 21-ші, ал Рыбакина 68-ші орынға тұрақтады.
Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу