Бакуде өткен УЕФА Чемпиондар лигасының "Сабах" пен "Барселона" арасындағы матчы кезінде қайғылы оқиға болды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Дереккөз мәліметінше, марқұм осы оқиғадан небәрі екі күн бұрын 39 жасқа толған. Оқиға кешкі уақытта, 2 тайм кезінде Баку Олимпиада стадионында болған. Трибунада отырған жанкүйердің жағдайы кенеттен нашарлап, ол сол жерде көз жұмған.
Әзербайжанның Медициналық аумақтық бөлімшелерді басқару бірлестігінің (TƏBİB) хабарлауынша, жедел жәрдемге шақырту сағат 20:25-те түскен, алайда дәрігерлер жеткенше ер адам көз жұмған.
Алдын ала болжам бойынша, өлімге жүрек жеткіліксіздігі себеп болуы мүмкін. Қазіргі таңда марқұмның денесі сараптамаға жіберіліп, нақты себебі анықталып жатыр.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының V турында Бакуде өткен матчта "Сабах" командасы испаниялық "Барселонадан" 1:4 есебімен жеңілді.
Аталған матчта каталондық команданың жұлдызды ойыншылары Ламин Ямаль, Родри және Кубарси ойнаған жоқ.
Ойында "Сабах" командасының капитаны әрі қақпашысы Стас Покатилов барлығы 9 сейв жасады. Ол "Барселонаға" қарсы ойнаған алғаш қазақстандық футболшы атанып отыр.
Жалпы есепте осы ойыннан кейін "Барселона" 12 ұпаймен турнир кестесінің төртінші сатысына жайғасса, "Сабах" небәрі 3 ұпаймен 32-орында тұр.