Ақтөбе қаласының тумасы Сабина Алтынбекова бес жастан бастап бимен айналысқан. Ал 14 жасқа келгенде воллейболға қатысады. "Казхром" командасында ойнай жүріп, көшбасшылық қасиеттерінің арқасында команда капитаны болады. 16 жаста "Алматиночка-Алматы" клубына ауысады. 2013-2014 жылғы маусымда Қазақстанның Жоғарғы "А" лигасында күміс медаль иеленді. 17 жаста воллейболдан еліміздің ұлттық құрамасының ойыншылары қатарына қосылды. 2015 жылы Жапония лигасында "GSS Sunbeams" командасында, 2016-2019 жылдар аралығында "Алматы" сапында ойнады. 2019 жылы Араб лигасында "Al wasl" воллейбол клубының намысын қорғады.
2014-жылы жасөспірімдер арасында Қытайдың Тайбэе қаласында өткен XVII-Азия чемпионатында Сабинаны чемпионаттың ең әдемі воллейболшысы атанды. Тайвань, Жапония, тағы да басқа Азия елдерінің телеарналары Сабина Алтынбекова жайлы репортаждар жасап, ғаламторда қазақ қызы жайлы түрлі бейнероликтер пайда болды. Сабинаның Азиядағы жанкүйерлері оны Жапонияның анимелеріне ұқсатып жатты. Украиналық ua.tribuna.com, индонезияның publimetro.com интернет-порталдары Сабинаны "Қазақстанның ең сұлу воллейболшысы" деп жарыса жазды.
Енді оның спорттық мансабы Италияның "Волалто Казерта" клубына жалғасады. Бұл жайлы команда Сабина Алтынбековамен екі жылдық келісім-шарт жасағаны туралы мәлімдеді. Келесі маусымда "Волалто Казерта" Италияның бас лигасыда А1 сериясында ойнайды. Аталған клуб өткен маусымда турнирлік кестеде соңғы 14 орынды иеленді. Бірақ екінші дивизондағы орнын сақтап қалды. Себебі коронавирус пандемиясына байланысты маусым мерзімінен бұрын аяқталған еді.
"2020/2021 жылғы маусым алдында "Волальто" үшін ең ірі транферлердің бірі жасалды. Ұзақ уақыт бойғы келіссөздерден кейін Қазақстан Ұлттық құрамасының маржаны ресми түрде біздің ойыншымыз атанды. Енді ол біздің клубымыздың атынан ойнайды. Алтынбекованың ойынынан басқа, бүкіл Әлем оның сұлулығына тәнті. Қош келдің, Сабина!", - деп италиялық клуб өзінің ресми сайтында хабарлама қалдырды.
Ермұхамед Мәулен