Қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова Индонезияның "Yogya Falcons" клубының капитаны атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Мен үшін Yogya Falcons командасының капитаны болу – үлкен құрмет. Бүкіл командаға, жаттықтырушыларға, менеджерлерге, клуб директорына көрсеткен сенімі үшін алғыс айтамын. Капитан болу мен үшін жаңа нәрсе емес, сондықтан бұл міндеттің қаншалықты жауапты екенін жақсы білемін. Сенімді ақтаймын. Бүгін алғашқы ойынымызды өткізіп, 3:0 есебімен жеңіске жеттік. Қателіктер де болды, бірақ біз оларды түзетуге дайынбыз және 2025 жылғы Пролигаға дайындаламыз. Алда үлкен жеңістер, жаттығулар күтіп тұр", – деді ол.
Айта кетейік, бұған дейін Сабина Алтынбекова индонезиялық клубпен келісімшартқа отырғанын мәлімдеген болатын.