Садриддин Ахмедов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді

338

"Қазақ солдаты" лақап атымен танымал орта салмақта өнер көрсететін кәсіпқой былғары қолғап шеберін Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес жаттықтырады.

Садриддин Ахмедов АҚШ-та жекпе-жек өткізеді Фото: Жеке парақшасынан

Садриддин Ахмедов (15-0, 13 КО) келесі жекпе-жегін 19 сәуірде АҚШ-тың Калифорния штаты, Коммерс қаласында өткізеді. Алайда қарсыласының есімі әлі жарияланған жоқ.

BoxRec.com порталының мәліметінше, бұл кездесуді промоутер Том Леффлер (360 Promotions) ұйымдастырады.

Ахмедов соңғы жекпе-жегін 2024 жылдың 13 желтоқсанында Калифорния штатының Санта-Инез қаласындағы Chumash Casino аренасында америкалық Рафаэль Игбоквеге (17-6, 7 КО) қарсы өткізіп, жетінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.

Осы кездесуден кейін Калифорния штатының Атлетикалық комиссиясы Ахмедовты 2025 жылдың 11 ақпанына дейін медициналық себептермен уақытша жарыстардан шеттетті. Бұл шара боксшылардың ауыр жекпе-жектен кейін толық қалпына келуін қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.

Айта кету керек, Рафаэль Игбоквеге қарсы кездесуге Садриддинді Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес дайындады. Сонымен қатар, Ахмедов GGG-дің бұрынғы менеджері Том Леффлермен ынтымақтастық орнатқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу