Садриддин Ахмедов салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті

164

20 сәуір күні Калифорнияда өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы – тәжірибелі мексикалық боксшы Элиас Эспадас.

Садриддин Ахмедов салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті Фото: Жеке парақшасынан

Садриддин Ахмедов (15-0, 13 KO) мексикалық Элиас Эспадаспен (23-6, 16 KO) болатын ертеңгі жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен сәтті өтті. Спортшылар таразыда бірдей салмақ көрсетті – 79,94 килограмм.

Жекпе-жекке бір тәулік қалғанда Садриддин мен Элиас Эспадас көзқарастар айқасын өткізді.

27 жастағы қазақстандықтың жекпе-жегі Коммерстегі бокс кешінің басты кездесуі болады және 10 раундқа жоспарланған. Жекпе-жек бірінші орта салмақта өтеді.

Айта кетейік, Садриддин танымал америкалық жаттықтырушы, бұған дейін Геннадий Головкинмен жұмыс жасаған Абель Санчестің жетекшілігімен жаттығады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу