Садыр Жапаров екінші мерзімге президенттік сайлауға түсетінін айтты

385

Бұл туралы жергілікті БАҚ жазды.    

Садыр Жапаров екінші мерзімге президенттік сайлауға түсетінін айтты Фото: minval.az

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров алдағы президент сайлауына қатысып, екінші мерзімге сайлануға ниетті екенін жеткізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

24.kg агенттігінің жазуынша, Жапаров журналист Әли Токтакуновқа сұхбат берген.

"Мен тағы бір мерзімге сайлауға түсіп, жұмысымды жалғастырғым келеді. Сайлауға қатысқысы келетіндердің барлығы кандидатурасын ұсынсын. Ешкімге шектеу қоймаймыз", – деді Қырғызстан басшысы.

Елде кезекті президент сайлауы 2027 жылдың 27 қаңтарына жоспарланған.

Садыр Жапаров 2021 жылдың 10 қаңтарында өткен кезектен тыс президент сайлауында жеңіске жетті. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, ол сайлаушылардың 79,2% дауысын жинаған. Оның инаугурациясы 2021 жылдың 28 қаңтарында өткен болатын.

Айта кету керек, бұған дейін Қырғызстанда электромобиль шығарыла бастайтынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу