Бірінші айналымда Әзербайжан елінің боксшысын жеңген отандасымын екінші айналымға өтіп еді. Екінші айналымда ол канадалық боксшы Томас Блуменфельдпен жұбырықтасуы тиіс болатын. Алайда канадалық былғары қолғап шебері кездесуден бас тартып, жолын қазақ боксшысына берді.
32 жастағы Сафиуллин осыған дейін 2015 және 2019 жылдары Азия біріншілігінде күміс жүлдегер атанды. Ал 2015 жылғы Әлем біріншілігінде ол бірінші айналымнан ары өте алмай қалған. 63 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Зәкір Сафиуллиннің еш шаршамастан үшінші айналымға өткені қуантады. Сонымен қатар 81 келідегі Бекзат Нұрдәулетов пен 52 келі салмақ дәрежесіндегі Сәкен Бибосыновтар да алғашқы қарсыластарынан басым түсті.
Ермұхамед Мәулен