Азия чемпионатында Сағындық Тоғамбай ерлер құрамасынан Қазақстан қоржынына үшінші алтынды салды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бұған дейін 48 келі салмақта Санжар Тәшкенбай Шодиержон Меликузиевтен, Оразбек Асылқұлов (57 келі) Миразизбек Мирзахалиловтан, 57 келіде Дулат Бекбауов Мужибилло Тұрсыновтан, Абылайхан Жүсіпов (71 келі) Хавасбек Асадуллаевтан, 75 келіде Дияс Молжігітов Джавахир Умматалиевтен жеңіліп қалған еді.
54 келі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан ғана Шахзод Музфаровтан басым түсті. Сондай-ақ, Бекзат Нұрдәулетов қарсыласын жеңіп, алтын медалға ие болды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу