Сағындық Тоғамбай Ливерпульдегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады

406

Сағындық Тоғамбай 90 келі салмақта өнер көрсетуде. 

Сағындық Тоғамбай Ливерпульдегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Сағындық Тоғамбай әлем чемпионатында алғашқы айналымда Исаак Оконы (Англия) жеңді. Есеп – 3:2

Енді Сағындық 8 қыркүйек күні Джек Марлеймен (Ирландия) кездеседі.

Ал, қыздар арасында 54 келі салмақ дәрежесіндегі бірінші жекпе жекте Элина Базарова өзбекстандық Нигина Уктамоваға жол берді. Есеп – 5:0.

Бұгін әлем чемпионатында тағы екі боксшымыз өнер көрсетеді. Күндізгі сессияда 1/16 финал аясында 57 келі салмақта Карина Ибрагимова Панагета Кузилуға қарсы, ал 65 келіде Аида Әбікеева Лука Хамориге қарсы шаршы алаңға шығады. 

Естеріңізге сала кетейік, Әлем чемпионатында барлығы 20 қазақстандық былғары қолғап шебері ел намысын қорғап жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу