Сайлау науқаны жалғасуда

908

"Nur Otan" партиясынан облыстық және Ақсу қалалық мәслихаттарына депутаттыққа кандидаттардың үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. 

Сайлау науқаны жалғасуда

"Есіктен есікке" акциясы аясында облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Сергей Прокопьев пен оның сенімді өкілі Айып Абраев қала дүкендеріне барып, жергілікті тұрғындармен сөйлесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын қала тұрғындарына түсіндірді. Сайлаушыларды толғандыратын мәселелердің бірі - азық-түлік бағасының өсуі.

Бүгінгі таңда нарықты азық-түлік тауарларымен тұрақты қанықтыру ерекше өзектілікке ие. Сондықтан партия бағдарламасында облыстың ішкі азық-түлік нарығының үздіксіз жұмысын сақтауға және экспортқа жаңа мүмкіндіктер іздеуге баса назар аударылған.

Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мұрат Қымбатовтың сенімді өкілі Рустам Нұртазинов Алғабас ауылында болып қайтты. Ауыл тұрғындарын ауылды орталық сумен жабдықтау және қалаға маршруттық такси мәселелері толғандырды.

Осыған байланысты "Nur Otan" партиясы тұрғындарды сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету міндетін қойып отыр. Ақсу қаласында және Достық ауылында төрт су құбырын қайта жаңарту, сондай-ақ Сарышығанақ ауылында су құбыры желілерін салу жоспарланған.

Ақсу қалалық мәслихатының депутаттығына кандидаттар Жәмила Есембаева, Татьяна Носачева, Гүлдана Бірлік және Андрей Горохов Ақсу қаласы мен ауылдық аймақ тұрғындарымен "Экспромт" форматында "Есіктен есікке" үгіт-насиахат науқанын өткізді. Науқан аясында үміткерлер тұрғындарға өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі аспектілерін түсіндірді. Сондай-ақ, науқан барысында тұрғындарға үгіт-насихат материалдарын табыстап, азаматтарды қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жасотандықтар да жалғастыруда. Олар үгіт-насихат материалдарын белсенді таратып, оларды рұқсат етілген жерлерде – тұрғын үйлердің кіреберістерінде, сауда үйлерінде, дүкендерде таратты.

Сайлау науқаны жалғасуда. Отандастарымызды 2021 жылдың 10 қаңтарында "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырамыз. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Ақсу қалалық сайлауалды штабы.

Ақсу қаласы "Nur Otan" партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу