"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, штаб төрағасы Гүлжан Алтынбекқызы Қамамбаева:
"Құрметті партияластар! Жиынға қатысушылар! Кербұлақ аудандық партия филиалының сайлауалды штабының ашылуына байланысты ұйымдастырылып отырған жиынға қош келдіңіздер! Штаб өзінің жұмысын, Қазақстан Республикасының "Сайлау" туралы Заңына сәйкес бүгін яғни, 11 желтоқсанда ресми түрде бастады. Аудан бойынша 15 бастауыш партия ұйымдары 3707 партия мүшесі бар. Біз сайлау кезінде осы ресурстардың бәрін іске қосып, науқанға тиімді пайдалана білуіміз керек. Аудандық сайлауалды штабтың жұмысына жан-жақты қолдау көрсетіп, заңмен рұқсат етілген барлық мүмкіндіктерді пайдалануға тиіспіз", – деп сайлауалды штабтың ашылуын жариялап, құттықтады.
Бұдан соң сөз кезегі ауданның "Құрметті азаматы", партия ардагері, аудандық сайлауалды штаб төрағасының орынбасары Қуаныш Борманбековке берілді.
"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды. Президент жарлығынан кейін, Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауын тағайындау туралы қаулы қабылдады. Бұл науқанның еліміздің демократиялық бағытта дамуына айтарлықтай үлес қосатын маңызды оқиға болғалы тұрғаны анық. Бүгінде елімізде сайлау науқанына дайындық жұмыстары басталды. Үміткерлерге қолдау көрсетуді жүзеге асыру мақсатында республикалық қоғамдық штаб және облыстық, аудандық сайлауалды штабтар құрылды. Штаб өзінің жұмысын, Қазақстан Республикасының "Сайлау туралы" Заңына сәйкес ресми түрде бастады. Құрметті штаб мүшелері, біз бұл науқанда өзіміздің алдымызға қойған мақсатымызды толық орындап шығатынымызға сенімдіміз. Сайлау алдында біз өз кандидаттарымызға жан-жақты қолдау көрсетуге тиіспіз. Осыған орай, үміткерлеріміздің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының тиімді, креативті және нәтижелі жүргізу жолында қолда бар мүмкіндіктер мен шаралардың барлығын іске қосатын боламыз" деп мәлімдеді Қуаныш Жарманбекұлы.
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Әсем Ілиясова белсенді жастар қатарынан көрініп, биылғы жылы Елбасы, партия лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қолға алынған "Nur Otan" партиясының тұңғыш республикалық праймеризі өткенін, партия лидері, Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтқандай, еліміздің бар азаматына, оның ішінде жастарға беріліп отырған әлеуметтік лифт, мүмкіндік деп есептеу керектігін, өзінің партия белсендісі ретінде праймеризге қатысып, екінші кезеңнің қорытындысы бойынша партиялық тізімге енгізілгенін айта келе, елдің дамуына өз үлесін қосуға мүмкіндік алғанына, аудандағы партия мүшелерінің өзіне сенім артқаны үшін алғысын білдірді.
Жиын соңында аудандық партия филиалының төрағасы, аудандық сайлауалды штабтың төрағасы Г. Қамамбаева жиынды қорытындылай келе, аудандық сайлауалды штаб мүшелері "Nur Otan" партиясының бүгінгі күнге дейін ел игілігі үшін атқарып келген және алдағы 5 жылдыққа жоспарланып отырған жұмыстарын халыққа барынша түсіндіретін болады. "Nur Otan" партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бізге артқан сенімін ақтауға тырысайық", – деді.
"Nur Otan" партиясы Кербұлақ аудандық филиалының сайлау қорынан төленді.