Сайлауда заң бұзған 11 адамның үстінен іс қозғалды

2595

Президент сайлауында заңсыз әрекетке барған ОСК мүшелері мен сайлаушыларға сот санкциясы салынады.

Сайлауда заң бұзған 11 адамның үстінен іс қозғалды

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина мәлімдеді.

Оның сөзінше, прокуратура органдары сайлау туралы заңды белден басып, сайлаушылардың қолына бір емес, бірнеше бюллетень берген тұлғалардың үстінен іс қозғаған.

"Прокуратура 11 азаматтың үстінен іс қозғады. Олар сайлаушылардың қолдарына  29 бюллетень берді деп айыпталуда. Сайлау комиссиясының мүшелері бір сайлаушыға 2-5 бюллетень берген. Өрескел заң бұзушылық Қызылорда қаласында тіркелді. Мұнда бір сайлаушыға 5 бюллетень ұсынылған", – деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы.

Қызылорда да Қарабалаева деген азаматшаның заңсыз әрекеті әшкереленген.

Бұл туралы Сәбила Мұстафина: "Ол сайлаушыға 5 бюллетень берген. Қазір бұл факті тексеріліп жатыр. Әкімшілік құқық бұзушылық бойынша іс қозғалды", – деді Сәбила Мұстафина.

Орталық сайлау комиссиясы хатшысының дерегінше, Түркістан облысында 4 іс, Алматы қаласы мен Атырау облысында екі істен, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында бір-бірден іс қозғалған.

"Біз сот қашан, қандай факті бойынша шешім шығарғанын, ОСК мүшесі немесе сайлаушы қандай жауапкершілікке тартылғанын анықтап, хабарлаймыз", – деді Сәбила Мұстафина.

Естеріңізге салайық, кеше әлеуметтік желілер арқылы сайлау участкелеріндегі заң бұзушылықтардың видеосы тарады. Онда әлдекімдер 4 жылға бас бостандығынан айырылу немесе ірі көлемде айыппұл төлеу қаупінен қорықпай, "Сайлау туралы" заңды белден басып жатқан болатын.  

< 

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу