Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 16:00-дегі жағдай бойынша республикадағы сайлаушылардың 65,9 пайызы дауыс берген.
Әзірше ақтөбеліктер (79,7 пайыз) мен алматылықтардың (78,9 пайыз) белсенділігі жоғары. Сондай-ақ Ақмола облысының халқы да белсенділік танытуда.
Ал Нұр-Сұлтан (49,6 пайыз) мен Алматы (45,7 пайыз) қалаларындағы сайлаушылардың дауыс беруге келу көрсеткіші 50 пайызға да жетпейді. Сонымен қатар, шымкенттіктер (55,6 пайыз) мен батысқазақстандықтардың (59,8 пайыз) да белсенділігі төмен.
Еске сала кетейік, Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауының аяқталуына 3 сағат 10 минут қалды.
Фархат Әміренов
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу