Сәкен Бибосынов Азия чемпионатында да өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

1020

Осылайша, қазақстандық боксшы жарыс жолынан шығып қалды.

Сәкен Бибосынов Азия чемпионатында да өзбек боксшысынан жеңіліп қалды Фото: reuters

Таиланд корольдігінің Чиангмай қаласында бокстан ерлер және әйелдер арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында Сәкен Бибосынов жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Екі дүркін әлем чемпионы, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов 51 келіге дейінгі салмақта өзбекстандық Асилбек Жалиловпен айқасты.

Қызу өткен жекпе-жектің бірінші раундында төрешілер шешімі бойынша А.Жалилов алда тұрды – 3:2. Екінші кезеңде де ештеңе өзгере қойған жоқ. Қорытындысында жеңіс өзбек боксшысының еншісінде кетті. Осылайша, Бибосынов қарсыласына есе жіберіп, жарыс жолынан шығып қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу