Сәкен Бибосынов ең қауіпті қарсыласы өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен кездесетін болды

343

Өзбек боксшысы Хасанбой Дусматов (51 келі) Олимпиададағы алғашқы кездесуін жеңіспен аяқтады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сәкен Бибосынов ең қауіпті қарсыласы өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен кездесетін болды Фото: olympic.kz

Ол пуэрториколық Лопес де Хесустан оңай айласын асырды.

Тәжірибелі өзбек боксшысы үш раунд бойы екінші номерде жұмыс істеп, қарсыласын қарымта шабуылдармен тұсап ұстап отырды.

Де Хесус тек үшінші раундта "есін жиып", соққыларын дәл тигізе алғанымен, жеңіске жетуіне бұл тым аздық етті. Қорытынды есеп – 5:0, Дусматовтың пайдасында.

Ширек финалда Хасанбой Дусматов пен Сәкен Бибосынов кездеседі.

Бұған дейін қос боксшы ресми жарыстарда үш рет кездесіп, оның екеуінде Дусматов жеңіске жеткен.

Париж Олимпиадасы Сәкен үшін таразы басын теңестіретін жақсы мүмкіндік болғалы тұр.

Хасанбой Дусматов – Рио Олимпиадасының чемпионы, әлем чемпионы және күміс жүлдегері, Азияның үш дүркін чемпионы, Азия ойындарының чемпионы. Кәсіпқой бокста да 6 жекпе-жек өткізіп, оның бәрінде жеңіске жетті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу