Сәкен Бибосынов ең мықты қарсыласы өзбек боксшысынан жеңіліп қалды

1840

Париж Олимпиадасында бокстан 51 келі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Сәкен Бибосынов өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен шаршы алаңға шықты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Сәкен Бибосынов ең мықты қарсыласы өзбек боксшысынан жеңіліп қалды Фото: olympic.kz

Жекпе-жек өте тартысты өтті. Бұрынғы қарсыластар бірін-бірі жақсы білетін. 

Алғашқы раундта Сәкен қашықтықта сауатты қимылдап, қарсыласынан бір бас жоғары тұрды.

Ал, екінші және үшінші раундтарда Хасанбойдың соққылары дәлірек және көбірек тиді.

Төрешілер еш ойланбастан жеңісті Хасанбой Дусматовқа ұстатты.

Сонымен бокстан Қазақстан ерлер құрамасынан тек 80 келіде Нұрбек Оралбай ғана қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу