Сәкен Бибосынов финалға шықты

381

Жарақатынан айыққаннан кейін халықаралық аренаға қайта оралған Сәкен Бибосынов қарсылас шақ келтірер емес.

Сәкен Бибосынов финалға шықты Фото: Ben McShane / Sportsfile via Getty Images

Ресейде өтіп жатқан Коротков турнирінің (54 келі) жартылай финалында Сәкен Бибосынов өзбек боксшысы Фариезбек Дусматовтан 5:0 есебімен басым түсті.

Айта кетейік, Фариезбек Дусматов Хасанбой Дусматовтың ағасы. Олар ширек финалда кездесуі керек еді. Бірақ екі дүркін Олимпиада чемпионы турнирден бас тарту туралы шешім қабылдады.

Сәкен Бибосыновтың финалдағы қарсыласы – Ресей өкілі Денис Палшин.

Сондай-ақ, қазақстандық былғары қолғап шеберлерінен Римма Волосенко (60 келі) Хабаровсктегі Коротков турнирінің финалына өтті. Бүгін ол өзбекстандық Рашида Тагированы 5:0 есебімен жеңді.

66 келі жартылай финалында қос Қазақстан боксшысы кездесті. Нәтижесінде, 4:1 есебімен Ұлдана Таубай жеңіске жетіп, Аружан Жаңабаева қола жүлдегер атанды. Ұлдана ақтық сында Сун Хуангпен (Солтүстік Корея) күш байқасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу