Сәкен Бибосынов Ресейде чемпион атанды

237

Ресейдің Хабаровск қаласында өтіп жатқан бокстан Константин Коротковты еске алуға арналған турнирде Сәкен Бибосынов (54 келі) чемпион атанды. 

Сәкен Бибосынов Ресейде чемпион атанды Фото: Ben McShane/Sportsfile via Getty Images

Отандасымыз финалда ресейлік Денис Палшинмен қолғап түйістірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Нәтижесінде, қарсыласынан 5:0 есебімен басым түсіп, аталған турнирдің жеңімпазы болды.

Айта кетейік, Сәкен Бибосынов әлем чемпионатында 2021 жылы алтын алса, 2019 жылы қола жүлдегер атанды. 2020 жылы Токио Олимпиадасында үздік үштіктен көрінді.

Ол жарақат салдарынан біршама уақыт бокстан қол үзіп алған еді. Соған қарамастан турнир барысында жанкүйер көңілінен шығатын деңгейде жекпе-жек көрсете алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу