Боксшы Сәкен Бибосынов желіде тарап жатқан қауесетке нүкте қойды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әлеуметтік желіде Сәкен Бибосынов жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановтың артынан кетеді екен деген ақпарат тарап жатыр.
"Қоғамда неше түрлі адамдар бар. Аудитория жинау үшін не істемейді. Тарап жатқан ақпарат жалған. Мен боксты қойған жоқпын" —деді Сәкен Бибосынов.
Ал әлеуметтік желіде түрлі пікірлер жазылып жатыр. Олардың ішінде Сәкенді даттағандар да, қолдағандар да бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу