Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегі кейінге қалды

89

Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты әуе қатынасы қиындап, турнир мерзімі өзгертілді.

Сәкен Бибосыновтың жекпе-жегі кейінге қалды

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы WBA Asia титулы үшін жекпе-жегі кейінге шегерілді. 

Бастапқыда кездесу 17 сәуір күні Қырғызстанның Бішкек қаласында өтуі тиіс еді. Алайда ұйымдастырушылар турнир күнін өзгерту туралы шешім қабылдады. Жапониялық Saikou Lush промоушені Бибосыновқа бокс кешін жоспарланған уақытта өткізу мүмкін болмай қалғанын хабарлаған.

Бұған Таяу Шығыстағы жағдайдың шиеленісуі және соған байланысты әуе рейстеріне енгізілген шектеулер себеп болған. 

Енді бокс кеші мамыр айының соңына (22–24 мамыр) жоспарланып отыр. Бибосыновтың қарсыласы - индонезиялық Сурия Дхарма.

Боксшының өзі де бұл жаңалықты растап, жекпе-жек бір айға шегерілгенін ресми мәлімдеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу