Сақтандыру саласында баяу болса да өсім бар

Татьяна Батищева Татьяна Батищева
3042

Сақтандыру нарығы сәуір айының қорытындысын шығарды.

Сақтандыру саласында баяу болса да өсім бар

Сәуір айында жасалған келісімшарттар саны 41,2%-ға (2,4 млн данаға дейін) өсті, ал сақтандыру сыйақысы наурыз айымен салыстырғанда 29,3%-ға (139,4 млрд теңге) артқан. Егер төрт айдың қорытындысын өткен жылдың осындай кезеңімен салыстыратын болсақ, онда келісімшарттар саны 2,9%-ға, ал алымдар 3,3%-ға өсті. Дегенмен сақтандырушылардың қайта сақтандыруға жататын келісімшарттарын қоспағанда жинаған ақшасын санайтын болсақ, онда нәтиже көңіл көншітерлік емес, яғни биылғы көрсеткіш 122,7 млрд теңге. Бұл көрсеткіш былтырғы жылдың мамырдың басында 121,5 млрд теңге болған. Сақтандыру сол баяғыша өсу драйверін таба алмай, бір орында тұралап тұр.

Сақтандыру санаттары бойынша алатын болсақ, сақтандырудың міндетті түрлері жиынтық сыйақының 25,8%-ын құрайды. Сәуір айында міндетті сақтандыру түрлері бойынша алым 38,5%-ға (36,1 млрд теңгеге дейін) өскен, алайда бұл сақтандырушылардың наурыз айындағы алған алым динамикасынан төмен. Ол кезде компанияның табысы 39,2%-ға өскен болатын.

Сонымен бірге көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру бойынша жақсы көрсеткіштерге қол жеткізілген. Сәуір айында сыйақылар 39,7%, 20,2 млрд теңгеге дейін тұрақты динамиканы көрсетті. Сыйықылардың қомақты өсімі жылдық көрсеткіште де байқалды. 2017 жылдың төрт айында сақтандырушылар тек 15,8 млрд теңге жинай алды. Алайда аталған сандар оптимизм бере алмасы анық. Нарықтың өсуі сақтандыру полисінің орташа бағасын 9,9 мың теңгеден 12,6 мың теңгеге көтерудің нәтижесінде болды. Ал сақтандыру келісімшарттары шамалы ғана өсті.

Ерікті жеке сақтандыру жиынтық сыйақының 27,8%-ын құрайды. Сәуір айында алым 31,7%-ға (38,7 млрд теңгеге дейін) өсті, ал жылдық көрсеткіште өсім (2017 жылдың сәуірі мен 2018 жылдың сәуірі арасында) 16,8% болды. Жеке сақтандыруда өмірді сақтандыру ең ірі сақтандыру көлемі болғанмен де, нарықтың жиынтық сыйақыларының небәрі 10,2%-ын ғана құрайды. Мұның нәтижесі, көбінесе, халықтың төлемқабілетінің әлсіздігімен және сақтандыру мәдениетінің қалыптасуымен түсіндіріледі.

Дегенмен жылдың басынан бері өмірді сақтандыру қағаз жүзінде емес, нақты өсімді көрсетті. 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сыйақылар 57,3%-ға (былтырғы жылдың сәуіріндегі 9,1 млрд теңгеге қарағанда 14,3 млрд теңге болды) өскен. Өмірді сақтандырудың жалпы сыйақыдағы үлесі де дәл осылай артқан, яғни 6,7%-дың орнына 10,2% болған. Өмірді сақтандыру динамикасына келісімшарттың орташа бағасының артуы (36,8 мың теңгеден 47,2 мың теңгеге дейін) мен жасалған сақтандыру келісімшартының саны (247,7 мыңнан 303,9 мың келісімшарт) сияқты екі фактор қамтамасыз еткенін атап кету маңызды.

Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) МӘМС-тің толық енгізілуін күтіп отыр. Содан кейін қарқын алатын болады. Сәуір айында сыйақылар сомасы 12,8 млрд теңгеге жетіп, наурыздағыға қарағанда 19,1%-ға жоғары болды. 2017 жылдың осындай кезеңімен салыстырар болсақ, сыйақылар 11,6%-ға өскен. ЕМС бойынша сыйақылардың өсу қарқынына сақтандыру келісімшарттары санының (116,5мың келісімшарттан 157,2 мың келісімшартқа дейін) өсуі мен бағасы негіз болды. Яғни сақтандыру полисінің орташа бағасы 81,3 мың теңгеден 98,3 мың теңгеге дейін өскен. Шығысы көп болғандықтан, медициналық сақтандыру сақтандырушы үшін шығыны көп шаруа. Тап қазіргі уақытта ұсыныс сақтандырушылардың күткеніне қолдау болып отыр, яғни ЕМС міндетті медициналық сақтандыруға қатысуы мүмкін. Бұл мүмкіндік сақтандырушыларды осы сақтандыру түрі бойынша өнімді желіні белсенді әзірлеуге ынталандырады.

Сәуір айында мүлікті ерікті сақтандыру 64,5 млрд теңге сыйақы жинап, наурыз айымен салыстырғанда 23,3%-ға өсуді көрсетті. Сыйақылар жиынтық сақтандыру алымының 46,3%-ын қалыптастырады, ал бұл ең төмен көрсеткіш. Бұрын мүлікті сақтандыру сыйақылар нарығындағы жиналған ақшаның жартысын құрайтын.

Мысалы, 2017 жылдың сәуірінде сыйақылар 71,4 млрд теңге болды және күнтізбелік жылда 9,7%-ға қысқарған. Мүлікті сақтандырудың ең ірі сегменттері: жүкті сақтандыру, әуе, су және темір жол көлігінің АҚЖ-сы, жеке мүлік – бәрі сыйақы жинай алмады. Жағымсыз жағдай өткен жылдың ортасынан бері бірқатар сақтандыру келісімшартының қысқаруымен, сақтандыру бағасының төмендеген кезінен бастап орын алуда. Бәсекенің мықты болғаны сонша сақтандырушылар бағаны түсірді.

Өсім көрсеткен мүлікті ерікті сақтандырудың жалғыз ірі сегменті – бұл автоКАСКО. Сәуірде алымдар 6,1 млрд теңге болып, наурыз айымен салыстырғанда 41,6%-ға және өткен жылдың сәуірімен салыстырғанда 21,8%-ға өскен. Статистика сақтандыру көлемінің өсуі сақтандыру бағасының өсуі есебінен болғанын көрсетіп отыр. Орташа баға бір жылда 125,5 мың теңгелен 150 мың теңгеге өскен. Көлікті ерікті түрде сақтандыруға деген сұраныстың төмендеуі – сақтандыру көптеген көлік иелерінің қалтасы көтермейтінімен түсіндірілді.

Сыйақылардың оң динамикасы сақтандырушыларға сақтандыру жұмысынан 86,2 млрд теңге мөлшерінде табыс табуға ықпал етті. Бұл наурыз айының қорытындысынан 35,4%-ға артық және 2017 жылдың сәуірінде сақтандырушылар 85,1 млрд теңге пайда көрген нәтижеден жақсы.

Сақтандыру ұйымдарының инвестициялық қызметтен түскен табысы наурыз айымен салыстырғанда сәуірде 6,7 млрд теңгеден 18 млрд теңгеге өсті. Барлық түскен пайда сыйақыны алумен байланысты болды. Сақтандырушылар облигацияға қатысты сыйақыдан 11 млрд теңге, сонымен қатар банктерде орналастырылған салымдар бойынша 6,4 млрд теңге, қаржылық активтермен операция жасау бойынша 1,8 млрд теңге және репо оперциясы бойынша 1,1 млрд теңге пайда тапқан. Шетелдік валютаны қайта бағалау сақтандырушыларға 4,3 млрд теңге шығын әкелді.

Сәуір айында сақтандырушылардың шығысы наурыздағы 56,2 млрд теңгемен салыстырғанда 80,2 млрд теңгені құрады. Статистика сақтандыру секторының 2017 -2018 жылдың сәуірінде жиынтық шығысты ұстап қалғанын көрсетеді, былтыр шығын 76,5 млрд теңгеден аспаған.

Шығыстың ірі бабы – сақтандыру төлемі (24,9 млрд теңге, 2017 жылдың сәуірінде 25,5 млрд теңге), комиссиялық сыйақы шығысы (17,3 млрд теңге), жалпы әкімшілік шығыс (23,5 млрд теңге, 2017 жылдың сәуірінде 13,4 млрд теңге) болған.

Осы кезең ішінде табыс 25,9 млрд теңге болды (наурызда 14,9 млрд теңге). Салық төлегеннен кейінгі таза табыс 22,9 млрд теңге болды. Салыстыратын болсақ, өткен жылдың сәуірінде сақтандырушылар 10,7 млрд теңге табыс, ал салық төлегеннен кейін 7,3 млрд теңге таза табыс туралы есеп берген.

Гүлназ Ермағанбетова,Татьяна Батищева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу