Салғырттық сібір жарасына жеткізді

7643

Павлодар қалалық ауруханасына түйнеме дертімен үш науқас жеткізілген.

Салғырттық сібір жарасына жеткізді

Облыстық прокуратура өкілдері қылмыстық кодекстің 327 бабы 1 тармағы бойынша (өзгелердің өмірі мен өз міндетіне салғырт қарау)  іс қозғады.

Бұл оқиғаға жауапты азаматтарды 3 мың айлық көрсеткіш көлемінде  айыппұл төлеу немесе 3 жыл шартты түрде бас бостандығын шектеп, тіпті, осы мерзімге абақтыда жазасын өтеу үкімі күтуде.

Елді мекенге полицейлер бекеті орналастырылып, дезинфекция жасайтын орынмен бірге ауылды айналдыра ор қазылып, карантин жарияланды.

Іле-шала індетке шалдыққан сиырдың етін облыстағы ветеринарлар тексерістен өткізгенімен, сібір жарасы таяқшасы табылмаған еді. Өткен сенбідегі баспасөз- мәслихатында  журналистер алдында Павлодар облыстық ветеринарлық санитарлық инспектор Рашид Нұрбеков мәлім еткендей мал сойылған орыннан 49 килограмм ет пен тері де алынған.Облыс зертханашыларының сынамасында бұл аурудың белгісі байқалмаған. Ыстықтай да, суық күйіндегі жүргізілген  реакция нәтижесі көрсеткендей сібір жарасы анықталмаған.Бүгінгі күні  полимеразды тізбекті реакция сиыр етінде індеттің бар екендігін растаған.Қазірде сынама Астанадағы зертханалық тексеріс,референция мен ветеринарлық әдістеме жүргізетін ұлттық талдау орталығына жіберілген.Ондағы мамандар одан бөлек ауруға қарсы егілетін вакцинаның қаншалықты әсер ететіндігін де сынап көрмек.

Дүйсенбіде спикердің өзі зертханаға ауылдағы "Майра" дәмханасының тоңазытқышындағы басқа сиыр етінің жіберілгенін мойындады. Мал дәрігерлері сәуір айында вакцина егілген сиырдан кеселдің кездесу себебін іздеумен әлек.

"Егу науқаны уақытында бірде-бір мал тыс қалмауы керек. Бәлкім сиыр ағзасында ауруға төтеп беретіндей иммунитеттің пайда болмауы да мүмкін. Иесі қол қойған құжат осыны  дәлелдейді. Жайылымдарда індет тартатын ошақтың болуы ықтимал",- дейді Нұрбеков мырза.

 Шілденің сегізінде Павлодар қалалық жұқпалы  аурулар ауруханасына түйнемеге шалдықты деген  күдікпен 51 жастағы ер кісі мен  31 жастағы  келіншек келіп түскен. Келесі күні Ертіс ауданының ауруханасына жоғары дене қызуымен тағы бір науқас жатқызылған.Үшеуінің де диагнозы бірдей,яғни, түйнемеге шалдыққан. Алдымен  олармен жақын қарым-қатынаста болған  кісі  саны 25  делінсе, бүгінде 42-ге жеткен.

Қазірде облыстық прокуратура өңірдегі барлық ет өндіретін кәсіпорындарды тексеруде. "Облыстағы 21 ет өңдейтін кәсіпорын қожайындарының жұмысын бақылауға аламыз.Сауда орындарындағы дайын өнімдер де назарда болады",- дейді аймақтағы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы Ирина Сорокина.

Марина Попова, Павлодар

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу