Қаржы вице–министрі Ержан Біржанов салық органдары мобильді аударымдар бойынша ақпаратты тексере бастағанын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазіргі таңда барлық банк өздеріндегі деректерді ұсынды. Біз бұл ақпаратты қабылдап алдық. Оны өңдеу және талдау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", – деді Ержан Біржанов Мәжіліс кулуарында.
Қаақстандықтарға ақшаның шығу тегін түсіндіруді талап ететін алғашқы хабарламалар мамыр айында жіберіле бастайтыны белгілі болды. Спикер мобильді аударымдары бақылауға алынған азаматтардың саны туралы айту мүмкін емес екенін жеткізді.
Оның сөзінше, бір адамның деректері бірнеше банктен жіберілуі мүмкін. Ақпарат талданып, санаттар бойынша сәйкестендіріледі. Яғни, жеке кәсіпкер, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар, бейрезидент және т.б.