Салық төлеуде өзгерістер бар

Кейбір қызмет түрлерін көрсетуші кәсіпкерлер патент бойынша салық төлеуді жалғастыра бермек.

Салық төлеуде өзгерістер бар

Шағын және орта бизнеске көңіл көп бөлінгелі жеке кәсіппен айналысушылардың саны көбейді. Жеке кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғалар үшін салынатын  патент негізіндегі салықтың айналасында әңгіме көп. Расында да, 2020 жылдан бастап аталмыш салық түрін кәсіпкерлердің барлығы бірдей төлей алмайды. Сонымен, егер сіз:сылақ жұмыстары, ағаш жону және ұсталық жұмыстары, еден төсеу және қабырғаларды қаптау, бояу және әйнектеу, такси қызметі, автомобиль көлігінің шанақ жұмыстары, сыйақы немесе келісім негізінде жылжымайтын мүлікті басқару, фотография саласындағы қызмет, аударма (ауызша немесе жазбаша) ісі, мүліктік жалға беру (жал), мүліктік жалға көлік құралдарын беру (жал), басқа да жеке тұтыну заттары мен тұрмыстық тауарларды жалға алу мен мүліктік қарыз алу, ауыл шаруашылығы және жабдықты мүліктік жалға беру, есептеу техниканы қоса алғанда, кеңсе машиналары және жабдықтарды мүліктік жалға беру, спорттық тәрбие және бос уақытты арнайы ұйымдастыратын мамандарды дайындау, мәдениет саласындағы білім беру, басқа да білім беру саласындағы қызмет, қосалқы білім беру қызметтері, мәдениет саласындағы қызмет, компьютерлік және переферийлі жабдықты жөндеу, коммуникациялық жабдықты жөндеу, жеке тұтыну және тұрмыстық тауарларды жөндеу, шаштараз қызметі, маникюр және педикюр, ветеринарлық қызметтер, жер телімдерін өңдеу бойынша қызметтер, үй-жайларды тазалау және үй шаруасын жүргізу бойынша қызметтер, базар мен вокзалда жүк тасушылар қызметі, музыкалық құралдарды дайындау мен жөндеу, үй жануарларын бағу секілді қызметтермен айналыссаңыз патент негізіндегі салығыңызды әрі қарай да төлей бересіз. Маңызды ескертуіміз де бар. 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап ақшалай есептеріңізді кассалық-бақылау машинасы арқылы жасауыңыз қажет.

Жоғарыда көрсетілген қызметтерден бөлек қызмет көрсетушілер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеудің оңайлатылған декларация негізіндегі арнайы салық режиміне, бекітілген есептік алып қалуды пайдаланумен арнайы салық режимі немесе жалпыға бірдей салық салу тәртібі бойынша төлеуге тиіс.

Ауысқыңыз келген режимді тұрғылықты жеріңіздегі салық органына қағаз жүзінде хабарлама беру немесе электронды үкімет қызметі арқылы таңдай аласыз.

Егер, кәсіпкер шекті мерзімнің соңына дейін өзіне ыңғайлы салық төлеу режимін таңдап алмаса, автоматты түрде жалпыға ортақ салық режиміне ауыстырылатын болады.

Айсұлтан Мұхамедияұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу