Салықтық тексеріс жойылуы мүмкін

Клара Ларина Клара Ларина
17148

Мемлекеттік кіріс комитеті компаниялардың барлық қаржылық құжатын толық ашуды өтінеді, оның есесіне тексеріс жасамауға уәде етеді.   

Салықтық тексеріс жойылуы мүмкін

Қаржы министрлігі мемлекеттік кіріс комитетінің  төрағасы Дәулет Ерғожин Парламент депутаттарының Оңтүстік Қазақстан облысы Мемлекеттік кіріс департаментінің "Шымкент-Кедендік рәсімдеу орталығы" кеден бекетіне барған сапары барысында, оларға келесі жылы отандық бизнеске қатысты салық төлеу жүйесіндегі қысқарту туралы баяндады.

Салықтық және кедендік дербес шоттарды біріктіретін бірыңғай дербес шотты енгізу сұраныстарын өңдеуді бірден қысқартты. Енді салық төлеуші бойынша бар ақпарат бір құжатқа кіргізілген. "Егер бұрын төлемдер "банк филиалы – бас банк – ҚР Ұлттық банкі – қазына – ҚР МКД" деген әдіспен бір күн немесе жарты күн жүрген болса, енді банктерден келетін ақпарат дербес шоттарға бір минут ішінде тікелей түсетін болады", – деді Дәулет Ерғожин. 

Ол бюджеттік жіктеу кодын (БЖК) біріктірудің тағы да бір тиімді тұсын айта келе, 2015 жылы 215 БЖК 119 БЖК-ке  немесе жалпы санынан 57%-дан астамы қысқарғанын мәлімдеді. Оның мәліметіне қарағанда, бұл халық пен бизнестің бюджетпен өзара есеп айырысуын, төлем құжаттарының санын 27%-ға (9,6 млн теңгеден 7 млн теңгеге дейін), салық сомаларын қателесіп қосып қоюды 39,8%-ға (976,3 мыңнан 615 мыңға дейін), инкассалық жұмсауларды 22%-ға (860 мыңнан 674 мыңға дейін) қысқартуға, сондай-ақ ақпараттық жүйеге деген жүктемені азайтуға мүмкіндік берген.

Себебі, тиімділікті одан әрі арттыру үшін Комитет бұдан әрі кодтардың тағы 25%-дан астамын, яғни 96-дан 71-ге дейін қысқартуды көздейді.

Салық төлеушілермен өзара қарым-қатынасты түбегейлі өзгертуге қатысты деңгейлі мониторингті мақсатты түрде енгізу – салықтық тексерудің бақылау қызметін сенімгерлік серіктестікке айырбастайды.

Еске сала кетсек, деңгейлі мониторинг тұжырымдамасын Голландияның салық қызметі әзірлеп, өздері алғаш рет қолданыпты. Оның негізгі ерекшелігі: кәсіпкер қаржы-шаруашылық қызмет есебінің түрін өз еркімен ашады және бухгалтерлік мәліметке үнемі қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Ал мемлекеттік орган тексеріс жүргізбей-ақ дер кезінде кеңес береді. Сарапшылар деңгейлік мониторингтің басымдығы деп бизнестің салық төлеуден жалтарудың әртүрлі жолын қолдану қаупінің азаюын, сондай-ақ тексерістердің қысқаруын және соған қатысты шығындардың азаюын айтады.

Дәулет Ерғожин жаңа ереженің енгізілуін былайша түсіндіреді: "Сіздер өзіңіздің қаржылық есебіңіз бен ақпаратыңызды, сонымен қатар кейбір бухгалтерлік жазбаңызды толық ашып көрсетесіз. Біз сізді тексеруге мүлдем келмейміз. Бірақ бізде сіздің бухгалтеріңіздің жұмысын түзетуге құқық болу керек. Мысалы, қандай да бір күмән келтіретін операция жүргізіліп жатқандығы жайында және т.б." 

Сонымен қатар, ол жұмыс істеудің жаңа ережесі ірі компанияларға қолданыла бастағанын атап кетті. Қаржы министрлігі МКК баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, деңгейлік мониторинг биыл бізде пилоттық тәртіпте қабылданатын болады. Негізінен, тәжірибе меморандумға қол қойған екі ұлттық компанияда жүргізіледі. Салықтық тексерісті белгілеу жайында нұсқау берместен-ақ, осы ұлттық компанияларда салықтың жекелеген түрінің дұрыстығына бақылау жүргізіледі.

"Бұл компанияның бухгалтері жаңа ереже бойынша бізбен жұмыс істеуді  одан әрі жалғастырғысы келеді, – деп атап көрсетті МКК басшысы. – Сол себепті бұл жүйені алға жылжытып, заң жүзінде бекіткіміз келеді. Осы мақсатта жасалып жатқан істер бар. "Самұрық-Қазынамен", оның "еншілес" компанияларымен және ірі банктермен келіссөз жүргізілді. Қандай мәлімет берілетіндігі жайында түсінік те бар. Оларды таратып жазып, келесі жылы заң жобасын қабылдаймыз".

"Қазір қолданыстағы механизм бойынша жазалау бар. Мұны былайша көрсетуге болады: тексеруші келіп, тексеру актісін жасап береді. Содан кейін сот, шағымданулар басталады. Осы үрдістің барлығын өзгертуге шешім қабылдап, тіркеу жасап қойдық. Енді бұл басқаша болады. Тексеріс біткен соң салық төлеушіге акт жобасы ұсынылады. Оған қол қойылмаса тапсырылған болып есептелмейді. Салық төлеушінің онымен танысуға және онымен келіспейтін болса, ол жайында тексерушіге хабарлама жасауға уақыты бар.

Акт жобасы мен келіспейтіні туралы хабарлама МКК-ға жіберіледі. Тексеруші орталық аппарат алдында тексеріс пен наразылықтың нәтижелерін дәлелдеуі керек. Яғни, біз акт шыққанға дейін төреші сияқты боламыз. Барлығын тексеріп болған соң салықтық тексерістің соңғы қорытынды актісі  жасалады да, ол салық төлеушіге беріледі. Осылайша, барлық тарап құлақтандырылады.

Сонымен қатар комитет төрағасы мекеменің даулы мәселелерді реттеу үшін не қарастыратынын айтып кетті. Атап айтқанда, дәл қазіргі уақытта шыққан актімен келіспеген кәсіпкердің шағым жасауға немесе сотқа жүгінуге  мүмкіндігі бар. Салықтық және кедендік дауды сотқа дейін реттеу МКК-да жүзеге асады.

Яғни, бұрын шағым бізде қарастырылатын. Шағымданушылар біздің орталық аппаратқа келіп, облыстық департаменттерге шағымданатын. Әрине, бұл жерде мүдделік жанжалы бар. Сол себепті сотқа дейінгі дауға нақты баға беру үшін қаржы министрлігінде дауды сотқа дейін реттеуді аппеляциялық комиссия деңгейінде жүзеге асыру ұсынылды. Ол комиссия құрамына басқа да мүдделі мемлекеттік орган өкілдері, "Атамекен" өкілдері, мәжіліс депутаттары, қоғам белсенділері кіретін болады. Осындай ұсыныс жасалып, жоба дайындалды.

Мемлекеттік кірістер комитеті енгізіп жатқан жаңа ереже, біріншіден, бизнеске әкімшілік араласуды азайту мен қорғауға бағытталған деп атап көрсетті Дәулет Ерғожин. Оның келтірген ақпаратына қарағанда, үстіміздегі жылдың тоғыз айында мемлкеттік кіріс комитеті 61071 тексеріс жүргізсе, оның 60220-сы салықтық тексеріс, 871-і – кедендік тексеріс көрінеді.

Клара Ларина, Шымкент
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу