Салымшылардың саны 10 млн адамнан асты

Абылай Бейбарыс Абылай Бейбарыс
9298

Зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 623,6 млрд теңгені құрады.

Салымшылардың саны 10 млн адамнан асты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) зейнетақы активі 8,9 трлн теңгеге жетті. Жыл басынан есептегенде өсім 17,9%-ды құрап, 1,4 трлн теңге кіріс кірді.

БЖЗҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, соңғы 9 айда салымшылардың саны 10 млн адамнан асып, 338 мың шот ашылды.

"Салымшылардың жеке зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс сомасы 623,6 млрд теңгені құрады", – деп мәлімдеді баспасөз қызметі.

БЖЗҚ зейнетақы активінің инвестициялық табысының мөлшері қаржы нарығындағы ахуалға және зейнетақы активі есебінен сатып алынған қаржы құралдарының бағасына тәуелді. Сәйкесінше БЖЗҚ-ны сенімгерлікпен басқаратын Ұлттық банк тұрақты табыс деңгейін қамтамасыз ету үшін әртараптандырылған инвестициялық портфель тұжырымдамасын ұстанады

"Қазіргі уақытта портфельдің негізгі бөлігі "Қазақстан Республикасының мемлекеттік құнды қағаздарына тиесілі. Олардың үлесі - 46,83%. 2018 жылдың 9 айында оның құны 578,09 млрд теңгеге артты. Екінші орында Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің облигациялары. Олардың портфельдегі үлесі - 13,79%. Ал қазіргі құны - 1 226, 36 млрд теңге. Инвестициялаудың тағы бір бағыты - Қазақстан Республикасы квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары. Олардың портфельдегі үлесі - 7,99%, ал құны 710,82 млрд теңге", – деп жазды  баспасөз қызметі.

БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфеліндегі борыштық қаржы құралдарын өтеуге орташа алынған кірістілік жылына 6,9%-ды, оның ішінде теңгеде номинирленген қаржы құралдары бойынша жылына 8,2%-ды, ал шетел валютасында жылына 3,9%-ды құрайды.

БЖЗҚ зейнетақы активтері есебінен сатып алынған осы және өзге де қаржы құралдары теңгеде (69,06%), АҚШ долларында (30,52%) және Ресей рублінде (0,34%) номинирленген.

Айта кетейік, БЖЗҚ соңғы 9 айда 130,9 млрд теңге зейнетақы төлемін жасады. Оның ішінде ай сайын төленетін ең төменгі төлем 15 273, ал ең жоғары төлем 337 059 теңге болды.

Абылай Бейбарыс

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу