Самат Смақов аңыздар ойынына қатыспайтын болды

372

Матч бүгін, 25-сәуір "Астана Арена" стадионында 20:00-де басталады. 

Самат Смақов аңыздар ойынына қатыспайтын болды

Бүгін әлемдік футбол жұлдыздары Матерацци, Занетти, Зеедорф, Бербатов, Майкон және қазақстандық футболдың саңлақтары бір алаңда бас қосады.

Сондай-ақ бұл кештің қаһармандары: Давид Лория, Таңат Нөсербаев, Елдос Ахметов және Қазақстан құрамасының бас бапкері Әли Әлиев және тағы да басқа бірқатар қазақ футболының аңыздары бар. 

Айта кетейік, бұл матчта Самат Смақов та алаңға шығуы тиіс еді. Дегенмен ол ойынға қатысудан бас тартты. 

"Алда команда үшін маңызды матчтар бар. Ал олар мені шындық үшін дисквалификациялады. Мұны дұрыс деп санамаймын. Бірақ жыламаймын, шағымданбаймын, тіпті кешірім де сұрамаймын. Иә, 25 сәуірде мен аңыздар матчына қатыспаймын. Барлық афишалардан мені алып тастасын", – деді Самат Смақов. 

Естеріңізге сала кетейік, бесінші турдағы "Жетісу" мен "Ордабасы" арасындағы матч кезінде (ойын шымкенттіктердің 1:0 есебімен жеңісімен аяқталған), талдықорғандық команданың бапкері Самат Смақов қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған болатын. 

Осыдан кейін ол төрешіге наразылығын білдірді. Бұл әрекетті ҚФФ тәртіптік коммисиясы талқылап, Самат Смақов 4 ойынға бапкерлік қызметтен шеттетілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу