Самат Смақов қазақстандық клубқа бас бапкер болуы мүмкін

Ол "Астана" клубының техникалық директоры қызметін де атқарған.

Самат Смақов қазақстандық клубқа бас бапкер болуы мүмкін Фото: clubmedia

Жуырда Смақовтың Жетісу облысының әкімімен кездескені белгілі болды, деп жазады inbusiness.kz сайты KazFootball.kz-ке сілтеме жасап.

45 жастағы қазақстандық маман Талдықорған қаласына арнайы аялдап, Жетісу облысының әкімімен жолыққан. Бейресми дерек бойынша, кездесу барысында оны команданың бас бапкері ретінде бекіткен. Осылайша, Смақов Талдықорғанның "Жетісу" клубының бас бапкері болып тағайындалуға жақын. 

Бұған дейін Самат Смақов "Астана" клубының техникалық директоры болды. Былтыр Семейдің "Елімай" клубын премьер-лигаға шығарғаны футболсүйер қауымға таныс. 
Ойыншы ретінде қазақстандық маман "Елімай", "Ертіс", "Жеңіс", "Қайрат", "Ақтөбе", "Ордабасы" секілді қазақстандық клубтармен қатар, "Ростсельмаш" (Ресей), "Ризеспор" (Түркия) сияқты шетелдік клубтарда доп теуіп, өзін жақсы қырынан көрсетті. Сонымен қатар, С.Смақов – Қазақстан ұлттық құрамасы сапында ең көп ойын өткізген рекордшы. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу