Самат Смақов төрешілікке сын тақты

255

Самат Смақов ойын нәтижесіне көңілі толмайтынын айтты. 

Самат Смақов төрешілікке сын тақты

Қазақстан Премьер-Лигасының 18-турында "Жетісу" семейлік "Елімайдан" 0:3 есебімен жеңіліп қалды. Кездесуден кейін талдықорғандық команданың бас бапкері Самат Смақов ойын мен төрешілік туралы ашық пікір білдірді.

Қазір төрешілер телефон арқылы немесе нұсқаумен жұмыс істейді. Барлық мықты, әділ төрешілерді шеттетіп тастады. Енді қалғандары өздері төрелік етіп, өздеріне баға беріп жатыр.
Барша Қазақстан біледі. Өткен турда олар қателесті. Енді осы турда соны жабу үшін, арнайы жіберілді. Мен бұл туралы ойын алдында өз жігіттеріме де айттым: "Бәріне дайын болыңдар" деп. Дәл солай болды.
Қазақстан күлкіге қалды. Ресей де, футболды бақылайтын бүкіл жұрт күліп отыр. Бұрынғы футболшылардың бәрі не болып жатқанын көріп отыр. Мұны тоқтату керек.
Мені, бәлкім, 3-4 ойынға шеттетер. Ештеңе етпейді. Бірақ мен бәрібір соңына дейін барамын. Біздің төрешілікке тәртіп керек. Мұндай төрешілер футболды өлтіріп жатыр. Көрермендер цирк емес, футбол көру үшін келеді. Бірақ уайымдамаңыздар, бұларға көп қалған жоқ, — деді Самат Смақов матчтан кейін.

Айта кетейік, қазіргі таңда турнирлік кестеде "Елімай" 28 ұпаймен турнирлік кестеде 5-сатыға жайғасты. Ал, "Жетісу" 16 ұпаймен көш соңында (11-орын) келеді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу