Германияда өтіп жатқан ХХХІІ жазғы Дүниежүзілік Универсиадада Қазақстан құрамасы үшін тарихи сәт тіркелді — алғашқы алтын медальді таеквондошы Самирхон Абабакиров жеңіп алды.
Финалда 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Абабакиров түркиялық Омер Фарук Дайыоглумен кездесіп, оны раундтар бойынша 2:0 есебімен (12:11, 11:3) жеңді. Осылайша, қазақстандық спортшы алтын медаль иеленсе, оның қарсыласы күміске қол жеткізді.
Бұл Қазақстанның таеквондодан Универсиада-2025 додасындағы алтыншы медалі. Бұған дейін Дамир Шуленов, Тамирлан Тілеулес, Батырхан Төлеуғали, Бейбарыс Қаблан және Нодира Ахмедова қола жүлдегер атанған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу