Самуэле Баттистелла екінші мәрте "Вуэльтада" жүлдегер атанды

1257

Шабандоздар 9-кезеңде ұзақтығы 175.5 шақырым болатын жарыс жолын жүріп өтті.

Самуэле Баттистелла екінші мәрте "Вуэльтада" жүлдегер атанды

"Испания Вуэльтасының" тоғызыншы кезеңінде Astana Qazaqstan Team шабандозы Самуэле Баттистелла мәреге төрт шақырым қалғанда, Лес-Праерестің шыңында бельгиялық шабандоз Джимми Янссенспен бірге жеңіс үшін таласқа түсті. Дегенмен асудың ең қиын бөлігінде Луи Майнььес оны айналып өтіп, соңында кезең жеңімпазы атанды. Баттистелла барын салғанымен, жеңіске жете алмады. Ол биылғы "Вуэльтада" екінші мәрте екінші орынға ие болды.

"Майнтьестің соңғы асуда менен жылдамырақ екенін білдім. Сондықтан мен басымдылыққа ие болу үшін ерте шабуыл жасауға бел будым. Бірақ ол мені қуып жетті. Содан кейін өз қарқыныммен жүруді жөн санадым. Егер оның соңынан ілессем, мұндай асуда қиындыққа тап болуым мүмкін еді. Нәтижесінде, мәреге екінші болып келдім. Тағы да екінші орын. Бұл менің үш күндегі екінші орыным. Көрсеткен нәтижеме ризамын. Әрине, одан да жақсы нәтиже көрсеткім келеді. Алда әлі екі апта бар. Тағы да бағымды сынап көремін. Өйткені қазіргі уақытта бабым жақсы", – деді Самуэле Баттистелла.

Көшбасшылардан кейінгі топта жалпы есептегі фавориттердің тартысы орын алды. Astana Qazaqstan Team командасының капитаны Мигель Анхель Лопес жарысты жақсы өткізіп, фавориттердің арасында 7-ші, кезең қорытындысы бойынша 13-ші нәтиже көретті. Бұл көрсеткіш Лопеске жалпы есепте 8-орынға көтерілуге ​​мүмкіндік берді.

 "Испания Вуэльтасы". 9-кезең
Вильявисьоса – Пререс. 175.5 шақырым

1. Луис Мейнтьес (Intermarché-Wanty-Gobert Matériaux,ОАР) – 04:32:39
2. Самуэле Баттистелла ("Астана", Италия) – +1:01
3. Эдоардо Замбанини (Bahrain Victorious, Италия) – +1:14

13. Мигель Анхель Лопес ("Астана", Колумбия) – +2:58
20. Давид де ла Крус ("Астана", Испания) – +3:42
45. Вадим Пронский ("Астана", Қазақстан) – +7:38
80. Харольд Техада ("Астана", Колумбия) – +12:54
83. Винченцо Нибали ("Астана", Италия) – +13:49
147. Евгений Федоров ("Астана", Қазақстан) – +27:11
162. Алексей Луценко ("Астана", Қазақстан) – +31:08

Бүгін "Испания Вуэльтасында" екінші демалыс күні. Шабандоздар демалыстарын Испанияның оңтүстік-шығысында орналасқан Аликантеде өткізуде.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу