"Самұрық-Қазына" үш жылда Ұлттық қорға шамамен 500 млрд теңге аудармақ

3769

"Самұрық-Қазына" қоры 2022-2025 жылдары Ұлттық қорға шамамен 500 млрд теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Бұған ұлттық компанияларды IPO мен SPO-ға шығару арқылы қол жеткізілмек, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Самұрық-Қазына" үш жылда Ұлттық қорға шамамен 500 млрд теңге аудармақ Фото: Максим Морозов

"Екінші кезеңде біз Үкіметпен бірлесіп, компаниялардың бәсекелестік ортаға шығару талаптарына сәйкестігі бойынша критерийлерді бекітеміз. Жалпы 2022-2025 жылдары Ұлттық қорға шамамен 500 миллиард теңге бағытталады деп күтіп отырмыз", – деді қордың басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев.

Ол қор портфельдік компаниялардың IPO және SPO бойынша жұмысын жалғастырады деп уәде берді. 

"Осыған байланысты біз компанияларымыздың IPO бойынша абсолютті дайындық парадигмасын негізге аламыз. Атап айтқанда, "ҚазМұнайГаз" және Air Astana, сондай-ақ инвестициялық қолайлы терезе болған кезде IPO-ға да шығамыз. Біздің активтерді жекешелендіру жалғасады", – деді басқарма төрағасы.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу