"Самұрық-Қазына" қоры Павлодарда опо ретиналды камера орнатып берді

873

Мұндай камера Павлодар облысында жаңа туған сәбилердің көру қабілеті бойынша мүгедектігін төмендетуге мүмкіндік береді.  

"Самұрық-Қазына" қоры Павлодарда опо ретиналды камера орнатып берді Фото: Самұрық-Қазына

Ретиналды камера "Самұрық-Қазына" АҚ компаниялар тобының бірыңғай қайырымдылық операторы "Samruk-Kazyna Trust" қорының қаржыландырумен облыстық Перинаталдық орталығына тарту етілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Біз берген ретиналды камераның көмегімен енді жүздеген  сәбиді мүгедектіктен құтқарып қалуға, яғни шала туған нәрестелердің көзін тексеріп, дәл уақытнда диагноз қоюға мүмкіндік береді. Балалардың денсаулығына қатысы өңірлік жобаларды қолдау - "Самұрық-Қазына" АҚ үшін маңызды басымдықтардың бірі"- деп атап өтті  "Samruk-Kazyna Trust" қорының бас директоры Альфия Адиева.

Павлодар облысында жыл сайын 10 000-нан астам бала дүниеге келеді. Өңірде соңғы бір жылда 763 сәби мерзімінен бұрын туылған. Мұндай балалардың 40%-да ретинопатия – көру қабілетінің толық жоғалуына әкеп соқтыратын ауыр диагноз қойылады. Дәрігерлер перзентханада неонаталдық офтальмологияның қалыптасуына көмектескені үшін "Samruk-Kazyna Trust" қорына зор ризашылығын білдірді.

Еске сала кетсек, "Жаңа туылған нәрестелердің ретинопатиясы" жобасын "Samruk-Kazyna Trust" қоры "АЯЛА" қайырымдылық қорымен бірлесіп жүзеге асыруда. 2021 жылдың мамыр айынан 2023 жылдың сәуір айына дейінгі аралықта автоматты гипотермия жабдықтарының алты аппараты арқылы 70-ке жуық жаңа туған нәресте құтқарылып отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу