Санчес "Астанаға" оралды

1368

Кезінде "Астана" велокомандасында өнер көрсеткен Луис Леон Санчес "Астана" велоклубымен келісімшартқа отырды.

Санчес "Астанаға" оралды

Испаниялық шабандоз 2015 жылдан 2021 жылға дейін 7 маусым "Астана" сапында өнер көрсеткен еді. Осы аралықта ол қазақстандық клубпен "Баск елдерінің турында" топ жарды. 2017 жылы "Альгарве туры" мен "Бруно Бегелли гран-приі" додасында жеңімпаз атанды. 2018 жылы ол "Альп туры", "Алматы туры", "Мурсия вуэльтасы" сайысын ұтты. 2019 жылы "Швейцария турында" үздік болды. 2020 жылы Испания біріншілігінде топтық жарыста алдына жан салмады.

Өткен жылы ол жаңа командаға ауысу жайлы шешім қабылдады. Соңғы кездері жақсы дамып келе жатқан Bahrain Victorious командасына ауысып, бақ сынап көрді. Онда ол екі гранд-турға қатысты. Мысалы "Тур де Франста" ол 13 орынға жайғасса, "Испания вуэльтасында" 16 орыннан көрінді. Бахрейн елінің командасындағы келісімі аяқталып, енді ол қайтадан "Астана" сапына ауысып отыр. 38 жастағы ардагер велошабандоз 2023 жылдың желтоқсан айына дейін "Астана-Қазақстан" велоклубының спортшысы болады.

"Мен өзімнің үйімдей болып кеткен "Астанаға" оралғаныма қуаныштымын. Командаға қайта шақырғаны үшін Александр Винокуровқа алғысым шексіз. Astana Qazaqstan Team сапында жаңа жарыстарға қатысуға асықпын. 2023 жылға дайындалып, керемет жеңістерді бірге тойлаймыз деген үміттемін" деді Луис Леон Санчес "Астана" велоклубының ресми сайтына берген сұқбатында.

Айта кетуіміз керек Луис Леон Санчес Movistar командасының сапында "Тур де Франста" 10 орыннан көрінген. 2010 жылы "Вуэльтада" жалпы есепте 9 орынға дейін көтерілген еді.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу